Карантиндік шараларды 2 аптаға ұзарту жағдайында 42 500 теңге мөлшерінде төлем бола ма? Бұл мәселе Үкіметте немесе Мемлекеттік комиссияның отырысында қаралды ма, жоқ па? Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, бұл өзекті мәселеге түсінік берді.

«Айтарым, ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының екі апталық карантинді ұзарту туралы тікелей тапсырмасы бар. Бірақ төлем мөлшері 42 500 теңгенің жартысына - 21 250 теңгеге тең болады. Бұл соманы біздің азаматтар міндетті түрде алады», - деп сендірді Е.Тоғжанов.