Карантиннің 5 аптасында төсектердің қамтылуы 60% - ға, оның ішінде реанимацияларда 58% - ға төмендеді. Мұндай оң өзгерістерді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында хабарлады.

Бағдат Қожахметов емханалардың үйде қызмет көрсету форматына көшкенін, 3 640 мобильді бригада құрылып, жұмыс істейтінін еске салды. Гаджеттер арқылы дәрігерлердің қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Оның айтуынша, жедел жәрдем шақыруларының саны, оның ішінде коронавирус мәселелері бойынша 62% - ға азайды. Қабылданған шаралардың арқасында қалпына келгендердің саны 73% - ға дейін өсті.

«Қатаң шектеу шаралары енгізілгенге дейін репродукция көрсеткіші 1,2 болды. 1 тамызда – 0,91. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіштің мәні – 0,84 құрады. Инфекцияның көбею көрсеткішінің төмендеуінің тұрақты үрдісі байқалады. Эпидемиологиялық тұрғыдан алғанда, бұл көрсеткіштің біреуден төмен болуы маңызды. Мұның бәрі енгізілген карантиннің және жағдайды тұрақтандыру бойынша барлық жерде қабылданған шаралардың тиімділігін тағы да растайды»,- деп толықтырды Б.Қожахметов.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі өз сөзінде бала туудың өсуі, нәресте өлімі көрсеткішінің 13,2% - ға және туберкулезден өлім-жітімнің 20% - ға төмендеуі байқалатынын атап өтті.