Шетелге демалысқа кеткен қазақстандықтар қонақ үйде оқшаулануға мәжбүр болғандарын айтып, шағымдануда. Олар теңізді көре алмағандарына өкінеді. Көбі «Неге олай болды?» деп сұрайды. Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы жағдайды түсіндіруге тырысты.

Талаптарға сәйкес, шетелде КВИ жұқтырған Қазақстан азаматы басқа адамдардан оқшаулануға тиіс. Ал емдеу туристік нысан аумағында, яғни қонақ үйде жергілікті клиникалық хаттама аясында жүргізіледі. Шығындар турпакетте қарастырылған сақтандыру есебінен өтелуге тиіс. Сондай-ақ, оның ішіне ПТР тестінің құны кіреді. Мысалы, БАӘ вирусқа екі рет тексеру жүргізілетінін ескергеніміз жөн. Ал басқа елдерде азаматтың өз елінен ПТР талдаудың теріс нәтижесі көрсетілген анықтама талап етіледі. Ресми мәліметтерге сәйкес, 622 турист демалыстан Қазақстанға оралуы керек.