Top.Mail.Ru

Баланы қызықтыру өте оңай, тек оған үлгі болуы қажет. Ата-аналар олай істемейді. Біз балалардың қарапайым аула ойындарын білмейтінін, өзара қарым-қатынас орнату дағдылары жоқ екенін, не туралы әңгімелесіп, не ойнау керектігін де білмейтінін көріп жүрміз. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифинг барысында «Ұлы Дала скауттары» ҚБ бас хатшысы Ильдар Катенов осылай деді.

Оның айтуынша, аула клубтары болуы қажет, бірақ тегін емес. Өйткені, бұл баланың да, ата-ананың да сабақ жүйесін құра алмаған жаттықтырушының жұмысына жауапсыздықпен қарауына әкеледі. Немесе спикер ваучер принципін енгізуді ұсынды.

«Біз тегін нәрсенің әрдайым сапалы болмайтынын білеміз. Бұқаралық спортты дамытуға бизнес өкілдерін шақыру керек. Егер бизнес мемлекет пен саясаттың осы бағытта жұмыс істеп жатқанын сезсе, ол бұл жүйеге, бәсекелестік ортаға келеді. Себебі бала кейде спорт түрін емес, оның көңілін таба алған жаттықтырушыны таңдайды. Бәсекелестік орта болған кезде жақсы кадрлар да болады. Клубтар субсидиялар мен үздік жаттықтырушыларды қабылдауға қызығушылық танытады. Сондай-ақ, мектеп спортын дамытуға болады. Жаңа ғимараттар салу үшін көп уақыт қажет, ал мектептерде бәрі дайын. Бала онда өзін жайлы сезінеді. Әдетте мектептер оның тұрғылықты жеріне жақын орналасады. Мектеп командаларын дамыту керек, бұрынғыдай «Алтын шайба», «Былғары доп», жеңімпаздарды біліп жүрсін деп олардың суреттерін баннерлерге орналастыру керек», - деді скауттар өкілі.

Сонымен қатар, өңірлік білім басқармаларымен технологиямен, бағдарламамен және кадрлармен бөлісуге дайын екендігін білдірді.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!