ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында "Qorgau" әлеуметтік акциясын іске қосуға арналған баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз іс-шарасына спикерлер ретінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері жөніндегі комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет; "Eurasian Expert Council" қорының президенті, "Qorgau" жобасының жетекшісі Шыңғыс Лепсібаев; "Adilzanger" заң консультанттары палатасының атқарушы директоры Жібек Хамитова қатысты.

Спикерлердің ақпараты бойынша, "Qorgau" жобасының басты мақсаты Қазақстанның әрбір ауданында құқықтық кеңес беру бөлімдері, әлеуметтік заңгерлер қоғамдастығы түрінде азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін қолжетімді және тегін инфрақұрылым құру болып табылады.

Баспасөз конференциясына қатысушылар атап өткендей, "Qorgau" акциясы "Eurasian Expert Council" қоғамдық қорының, "ADILZANGER" заң кеңесшілер Палатасының қолдауымен 2020 жылдың 20 қаңтарынан 20 мамырына дейін бүкіл ел аумағында өткізіледі.

Қазақстандағы еріктілер жылына орайластырылған әлеуметтік акцияға қатысушылар ретінде "Qorgau" жобасының заңгерлері қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ заң консультанттар Палатасының мүшелері мен адвокаттар қатысады.

"Кең құралға ие" Adilzanger" заң консультанттары палатасының 300 - ге жуық білікті заңгерлері күн сайын қиын өмірлік жағдайда қалған азаматтардың құқықтарын қорғауға және заңды мүдделерін іске асыруға, соттарда өкілдік ету және халықтың өтініштері бойынша заңдық кеңес беру арқылы көмек көрсетеді", - деп атап өтті Жібек Хамитова.