Top.Mail.Ru

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бизнесті жеңілдікпен несиелеудің кеңейтілген желісі туралы айтып берді. Осы мақсатта бір триллион теңге қарастырылған.

Бұл қаржы көлемі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қосымша 400 млрд теңгеден және Ұлттық Банк желісі бойынша бөлінген жаңа 600 млрд теңгеден тұрады.

«Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша салаларды қамту айтарлықтай кеңейтілді. Қарыз алушылар үшін соңғы мөлшерлеме 6% құрайды.

Жыл басынан бері «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 112 млрд теңге сомасына 1700-ден астам жоба қаржыландырылды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 5 216 жоба іске асырылды, 22,9 млрд теңге несие бөлінді.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 382 млрд теңге сомасына 1500-ге жуық жоба қаржыландырылды», - деді елдің бас экономисті.

Ал Ұлттық Банк іске қосқан шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелеу бағдарламасында салалық шектеулер жоқ. 600 млрд теңгенің бір бөлігі жеке кәсіпкерлерге ұсынылады. Несиелер айналым қаражатын толықтыруға 1 жылға 8%-бен беріледі. Жыл басынан бері бағдарлама ақшасының жартысынан көбі 2570 жобаны қаржыландыруға жұмсалды.

«Жалпы, жыл басынан бері төрт бағдарлама («БЖК-2025», «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы» және ҰБ бағдарламасы) аясында 864 млрд теңгеге 11 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. Бүгінгі таңда 660 млрд теңгелік 3259 жоба қаралу үстінде», - деп түйіндеді министр.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!