ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша шектеу шараларын одан әрі күшейту жөнінде баспасөз конференциясы өтті.

БАҚ өкілдеріне ағымдағы жағдай туралы Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері – Жандарбек Бекшин; Қазақстанның жетекші инфекционисті – Динагүл Баешева; аллерголог дәрігері, иммунолог – Розенсон Рафаил ақпарат берді. Жандарбек Бекшиннің ақпаратына сәйкес, ҚХР-да коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бәсеңдеді және соңғы тәулікте өсу қарқыны 0,02% - ды құрады.

Алайда Еуроодақ елдерінде, атап айтқанда Италияда аурушаңдықтың өсуі байқалады. Италия аурушаңдығы көп жағдайы нашар елдердің тізіміне, «А» санатына 1-топқа ауыстырылды.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 6 қаңтардан бастап тәулік бойы жұмыс режиміне көшті. Бұл жағдайды күн сайын бақылауға және бақылауды күшейту бойынша жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті еліміздің бас санитарлық дәрігері.

Ж. Бекшин атап өткендей, бүгінде ҚХР-ға «А» санатындағы елдерге Оңтүстік Кореяға Италия қосылды. «Б-1» санатын Франция, Германия, Испания құрады. Екінші санаттағы қолайсыз елдерге Швейцария, Ұлыбритания, Нидерланды жатады. Үшінші санатқа – Бельгия, Швеция, Норвегия, Үндістан, Ирак, Филиппин, АҚШ. Қазақстан азаматтарына қажетсіз коронавирустық инфекциямен аурушаңдығы бойынша қолайсыз жағдайға тап болған елдерге бармауға, жеке гигиена ережелерін сақтауға және адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болуға кеңес беріледі.

«А» санатындағы елдерден – Италиядан, Қытайдан, Оңтүстік Кореядан және Ираннан шетелдік азаматтарға кіруге тыйым салу бойынша шаралар енгізілді. Бұл шара қазақстандықтарға таралмайды – тіркелген ауру жағдайлары бар елдерден келген Қазақстан азаматтары карантиндік режимге орналастырылады. Бірінші санаттағы елдерден келетін адамдар медициналық ұйымдардың стационарларына карантинге бөлінеді. Екінші санаттағы елдерден келгендер ұзақтығы 14 күн үй карантинінде өзін-өзі оқшауланады.

Қазақстанда коронавирустық инфекция тіркелген жоқ.