Top.Mail.Ru

Салық төлеушілермен өткізілген семинарлар барысында келіп түскен өтініштерді ескере отырып, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық рақымшылыққа жататын тұлғалардың шеңберін кеңейту бойынша жұмыс жүргізді. Атап айтқанда, ҚР Қаржы министрінің «Жеке шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» бұйрығына (2019 жылғы 26 тамызда күшіне енген түзетулер) салықтық рақымшылықтың келесі тұлғаларға қолдануды көздейтін толықтырулар енгізілді:

  1. Тексеру актісі бойынша есептелген сомалар шағым беру сатысында болуына байланысты, 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша берешегі жоқ салық төлеушілерге;
  2. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаны орындау мерзімі келмеуіне байланысты 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша берешегі жоқ салық төлеушілерге (30 жұмыс күні);
  3. Алдыңғы салық кезеңдері үшін DФНО ұсынуына байланысты, 2018 жылғы 1 қазаннан кейін берешегі пайда болған салық төлеушілерге.

Салық төлеушілердің бірінші және екінші санаттары үшін салықтық рақымшылыққа қазір салықтық тексеру өткізілген тұлғалар жатады, алайда бұл салық төлеушілерде салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарлау бойынша төлем мерзімдері келмеуіне немесе салық төлеушінің тексеру нәтижелеріне шағымдануына байланысты 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша салық берешегі болмады.

Ережеге толықтырулар әзірлеу кезінде осындай салық төлеушілердің саны 746 құрады, олар бойынша 161,9 млрд. теңге есептелді (салықтар - 122,6 млрд. теңге, өсімпұлдар - 39,3 млрд. теңге, айыппұлдар - 0,1 млрд. теңге). Осылайша, негізгі қарыз 122,6 млрд. теңге сомасында төлем болған жағдайда, 39,3 млрд. теңге өсімпұлдар мен 0,1 млрд. теңге айыппұлдар есептен есептен шығарылуға жатады (алдын ала мәліметтер бойынша).

Салықтық рақымшылыққа жататын салық төлеушілердің үшінші санаты 2018 жылдың 1 қазанына дейінгі кезеңдер үшін салық есептілігінің қосымша нысандарын ұсынған және 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін өсімақы сомасын төлемеген салық төлеушілер.

Осылайша, салық төлеуші салық есептілігінің қосымша нысаны бойынша есептелген соманы ағымдағы жылдың соңына дейін төлеген жағдайда, мұндай салық төлеуші салықтық рақымшылықты қолдануға құқылы.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша елімізде шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтың негізгі сомасы өтелген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару үшін салықтық рақымшылық жүргізіліп жатқандығы белгілі. Шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты қолданудың шарты салық төлеушіде 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша берешегі болуы және 2019 жылдың соңына дейін көрсетілген берешек сомасын төлеу болып табылады.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!