Жүлде қоры 4 млн теңгені құрайтын республикалық «Jastar alańy 2019» пікірсайыс турниріне өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Турнирге қазақ және орыс лигаларына еліміздің барлық өңірлерінен 60 команда қатысады. Турнирге қатысуға ниет білдіруші 18-29 жас аралығындағы қазақстандықтар 9 шілде мен 8 тамыз аралығында www.jasotan.com сайтында өтінім қалдыра алады», - деді «Jas Otan» ЖҚ Төрағасы Дәулет Кәрібек Орталық коммуникациялар қызметінде.

Айтуынша, турнирдің негізгі мақсаты - Жастар жылы аясында Қазақстанда пікірсайыс қозғалысын жандандыру және пікірсайыс Федерациясын құру.

Пікірсайыс турнирі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен ұйымдастырылады.

«Пікірсайыс – жастар үшін трендке айналған, критикалық ойлауды, логиканы, тұлғалық дамуды арттыра алатын таптырмас механизмге айналды. Пікірсайыс клубтары еліміздің әр аймағында көптеп дамып келеді. Жастар жылының аясында «Jas Otan» Жастар Қанаты, Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы пікірсайыс қозғалысын қолдайды!», - деп атап өтті Дәулет Кәрібек.

Турнир ағымдағы жылдың қыркүйек айында өтіп, финалдық ойындары телевизиялық форматта ұйымдастырылатын болады.

Жобаның нәтижесінде Қазақстанда алғаш рет пікірсайысшылардың өзара байланыста болуға, өзекті қарарларды талқылап, пікір алмасуға мүмкіндік беретін сайт пен аналогы жоқ мобильдік қосымша іске қосылмақ.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!

МОН РК:

«Продолжительность учебного года в 1 классах – 33 учебные недели, во 2-11 (12) классах – 34 учебные недели. Занятия, выпавшие на праздничные дни, переносятся на следующие дни с учетом интеграции содержания учебных программ за счет часов, отведенных на повторение»

Министр культуры и спорта Республики Казахстан Актоты Раимкулова:

«В каждом своем Послании народу Елбасы Нурсултан Назарбаев всегда говорил о том, что спорт имеет важное значение не только в жизни человека, но и всего общества. Как отметил Первый Президент, до 2020 года 30% населения Казахстана должны быть вовлечены в массовый спорт. Действительно, спорт сближает не только людей, но и укрепляет дружбу между целыми государствами. Мы должны помнить и об этом»

52 млн тонн нефти добыто в Казахстане

9 813 заявок одобрено на предоставление займа по программе «7-20-25»