ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде осы күндері өткен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген отырысының қорытындысы туралы баспасөз маслихаты өтті.

Баспасөз мәслихатына ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Абзал Мұхимов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-Министрі Ғабидолла Оспанқұлов, «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев және ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулет қатысты. Ұлттық комиссия отырысында 2019 жылдың қорытындысы шығарылды.

Атап айтқанда, 12 млн.астам адам қамтылған 39 мың іс-шара өткізілді. Демеушілік қаражат есебінен 2019 жылы өңірлерде 1 298 нысан салынды: мектептер – 13; балабақшалар – 25; мәдениет объектілері – 83; спорт алаңдары – 191; медициналық мекемелер – 17; балалар алаңдары – 124; обелискілер, субұрқақтар, ескерткіштер – 105; жолдар, брусчаткалар – 80; аз қамтамасыз етілген отбасыларға үйлер, пәтерлер – 296 және нысандар – 364.

Сондай-ақ 976 нысан қайта жаңартылды: мектептер – 257; балабақшалар – 18; Мәдениет нысандары – 80; спорт алаңдары – 52; медициналық мекемелер – 46; балалар алаңдары – 13; обелискілер, субұрқақтар, ескерткіштер – 28; жолдар, брусчаткалар – 146; аз қамтамасыз етілген отбасыларға үйлер, пәтерлер – 190 және басқа нысандар– 146.

Өз сөзінде Кемелбек Ойшыбаев 2019 жылы ауқымды ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Мысалы, аналитикалық баяндамалар дайындалды, табысты жобалар жинағы қалыптастырылды, өңірлік жобалық кеңселер үшін оқыту семинарлары өткізілді, диалогтық алаңдар мен конференциялар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары туралы баяндалды, онда барлық бағыттардың тиімділігін арттыру мақсатында үш негізгі: «Тұлғалық даму», «Бірыңғай ұлтты дамыту және халықаралық позициялау» және «мемлекеттің, азаматтық қоғамның және жергілікті қоғамдастықтардың дамуы» векторлары бөлініп көрсетілді.