ҚР ЭМ электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында, Энергетика министрлігінің құзыретіне жеті жылдық кезеңге энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге шекті тарифтерді бекіту мәселелері кіретінін айтты. Халық үшін тарифтерді түзетумен Ұлттық экономика министрлігі айналысады.

Энергия өндірушілерден тәуелсіз шығындардың ұлғаюын ескере отырып, Қазақстанның 44 энергия өндіруші ұйымының 35-і биылғы жылдың сәуір айында топтар бойынша шекті тарифтерді түзетуге өтінім берді. Энергетика министрлігі уақтылы шешімді талап ететін өтінімдерді назарға алды.

Анықтама үшін: 2020 жылдың басынан бастап отын сатып алу бойынша шығындар 9,9% – ға, жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын – 9,3% - ға, жүйелік оператордың реттелетін қызметтері – 1 2%-ға ұлғайды. Бұдан басқа, АЕК өзгеруін ескере отырып, бюджетке төленетін міндетті төлемдердің мөлшері артты.

А.Дәрібаев атап өткендей, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және сараптама ұйымдарымен талқылау қорытындысы бойынша Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 маусымдағы бұйрығымен электр энергиясының тарифтеріне түзетулер енгізілді. Бұйрыққа сәйкес 2020 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан бойынша энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінің орташа өсуі 16% деңгейінде болжануда.

Анықтамалық:

  • Қазақстанның барлық аймақтары бойынша электр энергиясын іске асыратын Екібастұз ГРЭС-1 шекті тарифі 0,7%-ға артады;

  • 44 энергия өндіруші ұйымның 9-ы бойынша тариф бұрынғы деңгейде сақталған;

  • Шардара ГЭС бойынша тариф 7%-ға төмендетілді;

  • 34 энергия өндіруші ұйымның 18-і бойынша тариф 20%-ға дейін, қалған 16 энергия өндіруші ұйым бойынша 20% - дан астам ұлғайды.

Энергетика министрлігі өкілінің айтуынша, электр станцияларының шекті тарифтерін дер кезінде түзету оларды жаңғырту жұмыстарын бастауға, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізуге және күзгі-қысқы кезеңдегі апатты жағдайлардың санын азайтуға мүмкіндік береді.

«Электр энергиясына шекті тарифтерді қайта қарау 44 энергия өндіруші ұйымның өндірістік қызметкерлерінің 27 мың жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік береді, оларға тоқтаусыз жұмыс істеу және елді электр энергиясымен қамтамасыз ету тәуелді», - деп толықтырды А.Дәрібаев.

Болжамды деректерді айта келе, спикер шекті тарифтер өзгерген кезде статистикалық орташа пәтерлер бойынша соңғы тұтынушылар үшін электр энергиясын төлеуге арналған орташа чек (электр плиталары бар пәтерлерді есептемегенде, екі-үш бөлмелі пәтерлерде айына орташа тұтыну көлемі 170-220 кВтс құрайды.) ағымдағы шоттарға айына 200 теңгеден аспайтын шамаға 4-тоқсаннан ұлғайатынын хабарлады.