ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-баспасөз конференциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Саденов Елордада қоғамдық тәртіпті сақтау туралы ақпарат берді.

Спикердің ақпараты бойынша, көшелерді тәулік бойы патрульдеу барысында полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілердің күшімен азаматтармен профилактикалық әңгімелер жүргізіледі, планшеттерге жаяу жүргіншілер, көлік құралдары және "жұмыс-үй" әдісі бойынша қозғалыс бағыттары туралы мәліметтер енгізіледі.

Карантин кезінде қылмыс саны 34%-ға азайды, оның ішінде аса ауыр қылмыстар-43%, ауыр қылмыстар (кісі өлтіру, ауыр дене жарақатын) 32%-ға азайды, ұрлық, алаяқтық, бұзақылық және басқа да қылмыстардың көрсеткіші төмендеді. ЖКО саны 76%-ға төмендеді, онда зардап шеккендер 72,4%-ды құрап, 4 адам қаза болды. Жол қозғалысы ережелерін бұзу саны 67%-ға қысқарды.

Сонымен қатар, Е.Саденовтың айтуынша, карантиндік режимді бұзу фактілері тіркелуде. Әр түрлі құқық бұзушылықтар үшін ІІО-ға 2 838 адам жеткізілді,оның ішінде 1 770 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімдіктің коммуналдық тұрағына 588 автокөлік, алкогольдік мас күйінде жүрген 36 жүргізуші басқару құқығынан айырылды, 67 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. ЖҚЕ бұзғаны үшін 135 адам әкімшілік қамауға алынды. Елордалық полиция департаментінің басшысы атап өткендей, карантиндік аймақты кесіп өту әрекеті үшін 174 азамат әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 124 адам қамауға алынды. Сонымен қатар, жалған ақпарат таратқаны үшін 8 қылмыстық іс қозғалды, адамдар анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Спикер өз сөзінде елорда тұрғындарын коронавирустық инфекцияның жаппай таралуына жол бермеу үшін медициналық маска және басқа да жеке қорғаныс құралдарын алып жүруге шақырды. Бұдан басқа, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздік техникасын сақтауға, кешкі және түнгі уақытта қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға ерекше назар аударылды.