ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Сергек» фото, бейне жазбасын және бейнебақылау жүйесін енгізу бойынша МЖС жобасын іске асыру бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Бұл жоба қала көшелерінің 400 қиылысында және 300 желілік учаскелерінде аппараттық-бағдарламалық жүйелерді (бұдан әрі - АБЖ) қоса алғанда, 13000 камераны орнатуды және біріктіруді, адамдар көп жиналатын жерлерде 4000 камераны және 3000 басқа камераларды қаланың бейнебақылау жүйесіне біріктіруді көздейді.

Сергек жобасы екі кезеңге бөлінген - бұл №1 және №2 іске қосу кешендері.

Қазіргі уақытта №1 іске қосу кешені бойынша жұмыстар аяқталып, өткен жылы қаланың коммуналдық меншігіне берілді. №1 іске қосу кешені 800 жалпы бейнебақылау камерасын, көше қиылыстарындағы 200 аппараттық-бағдарламалық кешендері, желілік учаскелердегі 300 аппараттық-бағдарламалық кешендері және 1200 үшінші тараптық бейнебақылау камераларын біріктіреді.

Қазіргі уақытта №2 іске қосу кешенінің қондырғысы толықтай аяқталды, 3200 бейнебақылау камералары, 200 аппараттық-бағдарламалық кешендер орнатылып іске қосылды, сонымен қатар 1800 камера біріктірілген және бұл жобаның 100% құрайды.

Қазіргі уақытта №2 іске қосу кешенін сертификаттау және коммерциялық пайдалануға беру бойынша шаралар қабылдануда, содан кейін ол қаланың коммуналдық меншігіне өткізілмек.

Жобаның нәтижелері бойынша қазіргі уақытта елордалық жолдар елдегі ең қауіпсіз болып саналады. Барлық ереже бұзушылықтар тіркеліп, ереже бұзушыларға жіберіледі, яғни «жазаның сөзсіздігі» қағидасы қолданылады.

2018 жылдың қорытындылары бойынша, елорданың жолдарындағы өлім деңгейі 2017 жылмен салыстырғанда екі есе (60-тан 34-ке дейін) азайған, бұл Сергек жұмысының басты оң нәтижесі болып табылады. Сондай-ақ, 2018 жылдың 12 айының нәтижелері бойынша жоба 2017 жылмен салыстырғанда жазатайым оқиғалардың санын 10%-ға (583-тен 528-ге дейін) және жазатайым оқиғалар салдарынан болған жарақаттануларды 10%-ға (624-тен 559-ға дейін) азайтуға мүмкіндік берді және бұл Кешенді жоспардың мақсаттарына толықтай сәйкес келеді.

Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындылары бойынша қала жолдарында апат салдарынан адам өлімімен 29 жағдай орын алған. Елордадағы өлім-жітім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда - 2 жағдайды құрайды, ал салыстырмалы түрде алғанда Алматыда – 5.4, ал Шымкентте 100 мың адамға шаққанда - 5.1 құрайды (орташа республикалық көрсеткіш 7.2).

Нұр-Сұлтан қаласында жалпы бейнебақылау камераларын орнату және ең криминогендік аулаларды қамту нәтижесінде (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен бірлесе отырып анықталған) Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық орындарда қылмыстың 44% -ға төмендеуі байқалды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (Сергек жобасын іске асырғанға дейін) ауыр қылмыстар санының 39%-ға төмендеуі (қарақшылық, тонау, бопсалау, ауыр жарақаттану және т.б.) және аса ауыр қылмыстар санының 18% қылмыстар (кісі өлтіру, зорлау) азаюы тіркелген.