Қазақстан үш айда 13 млрд доллардың тауарын экспорттады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ел экономикасының І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Осы жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда айналымы 20,4 млрд долларды құрады. Экспорт көлемі 13,3 млрд доллар болды», - деді Р. Дәленов.

Оның айтуынша, мұнай мен металдарды қоспағанда экспорттық жеткізілімдердің өсімі 19,8 пайызға жеткен.

«Импорт 2,7 пайызға төмендей отырып, 7 млрд долларды құрады», - деді ол.