Бүгін Орталық Коммуникациялар Қызметінде 6 елшіліктің қатысуымен #FrankofonıNaýryzy 2020 маусымына мен Халықаралық Франкофония Ұйымының 50 жылдық мерейтойына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Бұл жылы әдеттегідей #FrankofonıNaýryzy маусымы 1-наурыздан 30-сәуірге дейін жалғасып, Бельгияның, Канаданың, Ливаның, Марокконың, Мысыр Араб Республикасының, Францияның және Швейцарияның Қазақстандағы Елшіліктерімен және Қазақстанның Француз Альянстарымен ұйымдастырылатын болады.

Осыған орай Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында аталған елдердің Төтенше және Өкілетті Елшілері журналистермен кездесті.

Франкофония – әлемнің 5 құрлығындағы 88 елді және 300 000 000 қатысушыны біріктіретін геомәдени кеңістік. Жыл сайын 20-наурыз күні бүкіл әлем бойынша халықаралық Франкофония күні тойланады, ал бұл күн Қазақстандағы Наурыз мерекесін тойлаумен тұспа-тұс келеді. Аталмыш маусымды #FrankofonıNaýryzy деп атаудың мәнісі де осында жатыр.

2019 ж #FrankofonıNaýryzy барысында бүкіл ел бойынша 12 000 қатысушыны біріктірген 88-ден астам мәдени іс-шара өткізілді. Бұл жылы #FrankofonıNaýryzy маусымы өзінің бастауын 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанған Шымкент қаласынан бастау алып, барлық қазақстандықтарға арналған франкофон мәдениеті мен француз тілінің түрлілігін насихаттайтын мәдени іс-шаралар бағдарламасын ұсынатын болады. #FrankofonıNaýryzy маусымында ұйымдастырылатын іс-шаралар жайлы толығырақ ақпаратты http://www.culturefrance.kz/ сайтынан таба аласыздар.