Қоғам

«Дипломмен ауылға» бағдарламасына деген сұраныс жыл сайын артып келеді.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов министрліктің халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Біздің министрлік «Дипломмен ауылға» бағдарламасының әкімшісі болып табылады. Жыл сайын осы бағдарлама арқылы 5 мың азамат көмек алады. Бұл, ең алдымен, өтеусіз қамтамасыз ету - 70 АЕК. Сондай-ақ, егер АЕК қайта есептелсе, несие береді, 3,8 млн. теңге шамасында. Ставкасы 0,01 пайызды құрайды. 15 жылға қарастырыған. Егер сіз пайыз мөл

2019 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша жалпы экономикалық өсу 4 пайызды құрайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов мәлімдеді.

«Министрліктің биылғы алға қойған ең маңызды үш бағытты бар. Олар - елдегі кәсіпкерлікті дамыту, бағалар мен тарифтер және өңірлерді дамыту»,- деді Руслан Даленов.

Бүгін Ұлттық экономика министрілігі 2018 жылы атқараған жұмыстары туралы халыққа есеп берді.

Есеп беру кездесуінде салықтық және бюджеттік саясатқа, инвестицияға қатысты мәселелер де талқыланды.

«2018 жылы экономикалық өсу 4,1 пайызды құрады. Өткен жылдың деңгейін қайталады. Осы жылғы

Денсаулық сақтау саласындағы тікелей өзгерістер күнделікті пайдаланып жүрген медицинаның сапасына және қолжетімділігіне әсер етеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халыққа есеп беру қортындысы бойынша өткен баспасөз маслихатында айтты.

«Бүгін Үкіметте екі маңызды қаулы қабылданды. Құжаттар еліміздегі келесі жылдан басталатын әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне арналған. Қысқаша айтсақ, келесі жылдан бастап елімізде тегін медициналық қызметтің екі көлемі болады», - деді Елжан Біртанов.

Айтуынша, бірінші көлемі – мемлекет тарапынан кепілдендірілген көлем. Ол Қазақста

«BI Group холдингі «Өзіңнен баста» жобасы аясында әлемдік фильмдердің қазақ тіліне дубляждалуына биылғы жылы 259 млн теңге бөлді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Өзіңнен баста» жобасының маңыздылығын түсіне отырып, біз 800 млн теңге бөліп отырмыз. Атап айтсақ, 2018 жылы – 150 млн теңге, 2019 жылы – 259 млн теңге бөлінсе, ал алдағы 2020 жылы – 350 млн теңге көлемінде демеушілік көрсетеміз», - деді BI Group холдингінің құрылыс индустриясын цифрландыру жөніндегі директоры Асхат Тұрғынбекұлы.

Айта кетсек, BI Group холдингі әлемдік фильмдердің қазақ тіліне дубляждалуына қолдау көрсетеді. «Ойы

«Өзіңнен баста» жобасында қазақ тіліне дубляждалған «Ойыншықтар хикаясы-4» 30-шы мерейтойлық фильмі 20 маусымда республикалық прокатқа шығады, деп хабарлайды ortcom.kz.

«Өзіңнен баста» әлеуметтік жобасын іске асыру кезінде қазақ тіліне 30 голливудтық кинокартина, атап айтқанда, «Walt Disney Pictures», «Pixar» студияларының 14 анимациялық фильмі және «Sony Pictures», «Disney», Lucasfilm Ltd және Marvel Studios Inc. студияларының көруге арналған 16 отбасылық фильмі дубляждалды», - деді «Болашақ» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Чайжунусова.

8 жыл бойы жұмыс істеп ...

Бүгін Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Алматы қаласында «Атакент» көрме кешенінде көшеден тамақтанудың қауіпсіздігіне бағытталған акция өткізді.

Іс-шара медициналық-санитариялық алғашқы көмек мәселелеріне арналған «Денсаулық баршаға» VI Халқаралық конгресі шеңберінде өткізілді.

Оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарына көшеден тамақ ішіп, уланған адамға шұғыл көмек көрсетуге қатысу ұсынылды. Форум-театрда, жіті уланудан зардап шеккен адамның рөлін ойнаған әртіске барлық ниет білдірген адамдар көмек көрсете алды. Осылайша, мамандар қатысушы адамдарға күнделікті көшеден тамақтануд

2019 жылы 3500-ден астам әскери қызметшіге баспана беріледі, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Әскери қызметшілерді баспанамен қамтудың моделіне сәйкес, 2018 жылдың қаңтарынан бастап ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Қазақстанның кез келген өңірінен екінші деңгейлі банктердің түрлі бағдарламалары арқылы ипотека несиесімен баспана сатып алу мүмкіндігін беретін заманауи жүйеге өтеді.

Қазақстанның қорғаныс ведомствосы әскери қызметшілердің әлеуметтік мәселелерден толықтай арылуына жағдай жасап отыр. Баспанамен қамтудың жаңа жүйесі қолға алынған тұста, 2018 ...

Әділет министрі Марат Бекетаев елімізде дайындалып жатқан қосымша заң жобалары туралы айтып берді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап .

«Заң жобалары ведомствоаралық комиссия арқылы өтеді. Бұл комиссияның жұмыс органы - Әділет министрлігі. Жоспарлы заң жобаларымен ведомствоның вебсайтынан танысуға болады. Заң жобаларының жоспары ашық тұр», - деді Марат Бекетаев халықпен есеп беру кездесуінен кейін тілшілерге берген жауабында.

Министр Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде қосымша заң жобалары әзірленетінін атап өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырм

Биыл Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толады. Мерейтой қарсаңында 46 іс-шара өтеді, деп хабарлайды ortcom.kz.

«Облыс орталығы болғалы арада бір жыл өтті. Бұл уақыт Түркістан үшін аса маңызды кезең болды. Көне шаһар күннен-күнге көркейіп, заманауи келбетке ие болып келеді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық саласы, рухани-мәдени бағытында оң өзгерістер орын алды», - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев.

Айтуынша, облыстың 1 жылдық мерейтойы аясында 46 жоба өткізіледі.

«Түркістаным - Тұраным» тақырыбында облыстық музейлер мен кітапханаларда дөңгелек үстелдер мен кезде

10 бөлімнен тұратын «Төле би» кинохикасының түсірілімі Түркістан облысында өткен.

«Төле би» кинохикаясы облыс әкімдігінінің қаражатынан қаржыландырылып түсірілді. 2018 жылы әкімшіліктен «Оңтүстік» фильм және «Сақ киностудиясына» тапсырыс беріліп түсірілген. Жалпы фильм 10 сериядан тұрады. Төле бидің өмірі, балалық шағынан қартайып өмірден өткенге дейінгі басынан өткен оқиғалары қамтылған. Жалпы фильмге 153 млн қаржы бөлінді», - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев.

«Төле би» фильмі 6- шілдеде астана күніне орай «Хабар» арнасы арқылы көрерменге жол тартады.

«Фильмнің түс

14-16 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында 64-ші Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының (ABU - Asia-Рasific Broadcasting union) спорттық конференциясы өтеді.

«Қазақстан астанасында өтетін ABU-ның 64-ші спорттық конференциясына қатысуға Малайзия, Сингапур, АҚШ, Франция, Қытай, Таиланд, Гонконг, Австралия, Өзбекстан, Үндістан, Жапония және т. б. 20 елден түрлі телерадиокомпаниялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері келді», - деді "Qazsport" телеарнасының директоры Павел Цыбулин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетсек, конференцияны"Қазақстан" телеради

Полицияның барлық іс-әрекеттері заңға сәйкес жүргізілді, деп мәлімдеді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция Комитетінің төрағасы Мақсат Байболов Орталық комуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында.

«Сіздер білетіндей, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында әлеуметтік желілер арқылы жаппай насихаттаудың нәтижесінде заңсыз іс-әрекеттер мен митингілерге жеке азаматтар қатысты. Осылайша, олар біздің еліміздің заңдарын бұзды», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция Комитетінің төрағасы Мақсат БАЙБОЛОВ.

Мақсат Байболов қоғамдық тәртіпті бұзуды тоқтату кезінде 3 полиция қызметкері жарақаттанып, оларға медицинал

Заңсыз митингіге қатысқан 957 азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейсов мәлімдеді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Заңсыз акцияларға қатысқаны, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін сотпен 957 тұлға әкімшілік жазаға тартылды. Оның ішінде 670 тұлға, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 457, Алматыда 164 адам қамаққа алынды. 115 адамға айыппұл салынды, 172 тұлғаға ескертілді», - деді Сапарбек Нұрпейсов.

Айтуынша, полиция қызметкерлеріне де шабу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел басшылығында қандай жұмыстарды қолға алатынын айтып берді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Сайлау кампаниясы кезінде мен еліміздің біршама өңірлерін араладым. Менің саяси платформам - біздің азаматтардың басты талаптарына жауап болады. Ең алдымен, мен Қазақстанның үшінші жаңғыруы бағытында, Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру мен біздің мемлекеттің басқа да стратегиялық маңызды жұмыстарымен айналысамын. Басқаша айтқанда, мен Елбасының стратегиясын жүзеге асыру үшін жұмыс істеймін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

...

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен жаңадан сайланған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқына ант берді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, ұлықтау рәсімі өтетін салтанатты залға ең алдымен Қазақстан Республикасының Туы, штандарты мен Конституциясы әкелінді.

Заңға сәйкес, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қолын қойып тұрып: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандық