Top.Mail.Ru

Балаңыздың барлық қажетті екпелер алуын тексеріңіз

Профилактикалық екпе егу күнтізбесі балаларды жұқпалы аурулардан тиімді қорғау үшін вакцина салуға оңтайлы уақытты анықтайды. Баланың уақытылы екпе алуы маңызды. Қарсы айғақтары болмаған жағдайда, дәрігердің тексеруінен кейін жасына сәйкес барлық қажетті екпелерді салдыртқан жөн.

Мектепке қажетті киім-кешектер сатып алыңыз

Мектеп киімі мен құралдарына қойылатын нақты талаптар бар екендігін білесіз бе? Мысалы, қауіпсіз әрі сапалы мектеп портфелінің салмағы 1 кг аспауы қажет, оның ортопедиялық арқашасы мен жарық бөлетін элементтері болуы керек. Бір оқу күніне есептелген барлық кітаптардың жалпы салмағы құрал-саймандарымен бірге сөмкенің салмағын ескермегенде: I–II сыныпта — 1,5–2,0 кг; III–IV сыныпта — 2,0–2,3 кг; V–VI сыныпта — 2,3–3,0 кг; VII–VIII сыныпта — 3,0–3,5 кг; IX–XII сыныпта — 3,5–4,5 кг аспауы тиіс. Мектеп формасы баланың қозғалысын шектемейтініне және жыл мезгіліне сай келетініне назар аударыңыз.

Баланың жұмыс орнына көңіл бөліңіз

Баланың денсаулығы жақсы болу үшін, ол қолайлы жағдайда оқуы керек. Баланың жұмыс орны жақсы жарықтануы тиіс, шам сол жақ бөлікте, егер балаңыз солақай болса – оң жақта орналасуы керек. Үстелдің биіктігі баланың бойына сәйкес болуы қажет, бойы 120 сантиметр болған жағдайда – үстелінің биіктігі 52 сантиметрден аспауы керек, ал бойы 120 сантиметрден асқан жағдайда – 60 сантиметр болуы керек.

Баланы гигиена сақтауға үйретіңіз

Тамақ ішер алдында және дәретханадан кейін қолды жуу – баланы көптеген аурулардан қорғайтын ең қарапайым ереже.

Баланы күн тәртібін сақтауға үйретіңіз

Күн тәртібі — бұл кез-келген баланың салауатты өмір салтының маңызды бөлігі. Мектеп жасындағы балаға дұрыс ұйқы режимі және тұрақты үйлестірілген тамақтану режимі қажет. Мектеп оқушыларына арналған түнгі ұйқының нормасы: 1-4 сыныпта – 10-10,5 сағат, 5-7 сыныпта – 9,5-10 сағат, 8-9 сыныпта – 9-9,5 сағат, 10-11 сыныпта – 8-9 сағат. Бірінші сынып оқушыларына 2 сағатқа дейін ұзықтықпен күндіз ұйықтап алу қажет. Мектеп жасында төрт рет тамақтанған жөн, әр 4 сағат сайын тәуліктік рационды бірдей бөліп тамақтану қажет: таңғы ас – 25%, екінші таңғы ас – 20%, түскі ас – 35%, кешкі ас – 20%.

Психологиялық тұрғыдан дайын болыңыз

Психологиялық жайлылық балалар үшін де, ата-аналар үшін де маңызды. 1 қыркүйекті күйзеліссіз қарсы алыңыз. Тыныштық сақтап, мектепке әзір болыңыз!

Жалпы, бұл қарапайым ережелерден бөлек, ең бастысын ұмытпаңыз – балаңызды көбірек бауырыңызға басып, құшақтаңыз. Бұл оларға қорғаныш сезімі мен сенімділік береді. Балалар оларды жақсы көретінін, түсінетінін, қолдайтынын біліп сезетін болады. Балаңызды олардың академиялық жеңістеріне қарамастан жақсы көріңіз.

                ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық оталығы
Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!