Жоғарғы оқу орындарында білім алушылардың 40 пайызға жуығына жатақхана тапшы, деп хабарлайды ortcom.kz

«Статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, Қазіргі уақытта еліміздің 124 университетінде 542 458 студент білім алуда. Оларға арнап 82 мыңнан астам студент тұратын 251 жатақхана жұмыс істейді. Бұдан басқа, 769 колледжде 229 044 студент оқиды. Оның ішінде 439 жатақханада 46 мыңнан астам студент тұрады», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Шахмардан Байманов.

Өз сөзінде елімізде 500 мыңнан астам студент еліміздің жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқанын, олардың 40 пайызға жуығына жатақхана тапшы екенін де атап өтті.

«Елбасы осы мәселені басты назарға алып, өз үндеуіндегі үшінші бастамасында 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды ерекше атап өтті», - деді ол.