Полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдарға қатысты 43 мыңнан астам қорғау нұсқамасын шығарды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің бастығы Әсет Оспанов Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Ұйғарым бұзақылық жасаған адамға, ал көшірмесі жәбірленушіге беріледі. Құжат талаптарын орындамағаны үшін ескерту жасалады немесе бір аптаға дейін қамауға алу қарастырылған. Тіпті сот «ерекше талаптарды» да белгілей алады. Яғни, кездесуге, телефонмен сөйлесуге және құқық бұзушының зардап шеккен адаммен бір жылға дейінгі мерзімге басқа да байланыстарына тыйым салу. Бұл шара 5 мыңнан астам «отбасылық тиранға» қатысты қолданылды.

«Белгіленген талаптарды бұзғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 7 тәулікке дейін, ал бұзушылық қайталанған жағдайда 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін 13100 адам, денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 6,5 мыңнан астам және ұрып-соғу үшін 3,5 мыңнан астам, сондай-ақ қорғау нұсқамаларын бұзғаны үшін 2273 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп қорытындылады полиция қызметкері.