Кідіріс болмайды. Алматы әкімі COVID-19-дан қайтыс болған туыстарын бірнеше күн бойы жерлей алмаған қала тұрғындарының шағымына жауап берді. Себебі патологоанатомнан анықтама қажет болды.

«Бастапқыда хаттамада барлық мәйіттердің анықтамасы болуы керек деп мәлімдеді. Яғни, ашу кезінде жұғынды алып, КВИ-ға талдау нәтижелерін күту керек болды. Сондықтан, 20-шы күндерінде кідіріс болған. Қазір хаттама өзгертілді, кідіріс жоқ. Бір күн ішінде алады»,- деп сендірді Б.Сағынтаев.

Объективті себептердің бірі ретінде қала әкімі моргтардағы мамандарың жұқтыруын атады. Қазір оларды ауыстыру мәселесі шешілуде.