1,5 мыңға жуық дәрілік заттар бірыңғай дистрибьютордан келесі жылға сатып алу тізіміне енді. Бұл 1015 дәрі-дәрмек және 406 медициналық бұйым. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте СҚ-Фармация басқармасының төрағасы Ерхат Есқалиев мәлім етті. Оның айтуынша, медициналық ұйымдар болжамды қажеттілікті қалыптастыруға кірісті.

«ЕФИС ақпараттық жүйесінде өңірлермен өтінім беру науқаны ашылды. Апта соңына дейін қажеттілік анықталады, келесі аптада сатып алу рәсімдері басталады. Биылғы жылдың желтоқсан айында барлық қажетті дәрі-дәрмектер бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына түседі», - деді компания басшысы.