Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында сөйлеген сөзінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дәрі-дәрмектердің алдын ала тапшылығы туралы жалған ақпараттың таралуы халықтың дәрі-дәрмектерді дәріханаларда жаппай сатып алуына себеп болғанын айтты.

Салалық ведомство басшысының айтуынша, елімізде аталған препараттардың жеткілікті саны өндіріледі және өңірлер бойынша жеткізу жолға қойылған. Оның айтуынша, дүрлігуді ескере отырып, дәрі-дәрмектерді жеткізу және сатып алу ережелерін қайта қарау туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта отандық өндірушілер ыстықты төмендететін препараттардың ірі партияларын жеткізді, «Ингавирин» (7 мың орам), «Тамифлю» (49 мың орам) препараттарын әкелді. Осы препараттар COVID-19 емдеуде амбулаторлық деңгейде қолданылмайтынын ескере отырып, COVID-19 емдеу хаттамасында нарықта қол жетімді дәрілік препараттарды таңдау кеңейтілді. Халыққа түсіндіру үшін амбулаториялық деңгейде инфекцияны емдеу туралы қарапайым жаднамалар әзірленуде.

«Қазіргі уақытта еліміздің Кедендік қоймаларында қажетті дәрі - дәрмектердің көтерме партиялары бойынша құжаттарды ресімдеу жүргізілуде, олар келесі аптада дәріханалардың сөрелеріне түседі», - деп толықтырды министр.