ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге және қаржыландыруға арналған онлайн-баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз шарасына ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров, "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" Басқарма төрағасы Төлеутай Рахымбеков, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарма төрағасы Бағлан Құлтаев, "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Қанат Қарауылов қатысты.

Спикерлердің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта карантиндік шараларға қарамастан, егіс науқаны 7 өңірде жүргізілуде. Мәселен, еліміздің оңтүстік өңірлерінде жаздық егіс алаңы 16-дан 80% - ға дейін егілді, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жұмыстар басталды. Республиканың басқа өңірлерінде себу алдындағы жұмыстар жүргізілуде.

"Барлық өңірлер жеңілдікті жанар-жағар маймен, тұқыммен қамтамасыз етілген. Техника егіс науқанына дайын", - деді А. Сапаров.

Фермерлермен блок-бекеттердің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін бірыңғай алгоритм әзірленді және әкімдіктерге жеткізілді, оған сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді блок-бекеттер арқылы өткізу қағаз жүзіндегі құжаттар және әкімдіктердің электрондық базалары негізінде полиция қызметкерлерінің планшеттеріндегі ақпараттар негізінде қамтамасыз етіледі.

Фермерлердің көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ақшалай қаражатқа қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында жеңілдетілген ставкалар бойынша қаржыландыру және фермерлердің өнімдерін форвардтық сатып алу сияқты құралдар көзделген. Спикерлердің айтуынша, 70 млрд. теңге несие бойынша пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие түрінде фермерлерге дейін жетті.

Анықтама: бір ауыл шаруашылығы кәсіпорнына орташа чек шамамен 30 млн.теңгені құрайды. Заңды тұлғалар үшін құжаттар тізімі 27-ден 13-ке дейін, ШҚ үшін, ЖК үшін-16-дан 12-ге дейін қысқартылды. "Кең дала" несиелеу бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиемен 2 346 АӨК субъектісі қолдау тапты. Егіс алқабы 3 миллион 50 мың гектарды құрады.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 100 млрд.теңге бөлінді. Қаражат соңғы қарыз алушылар үшін жылдық 6% – дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен 12 ай мерзімге беріледі. Бұдан басқа, бағдарламаға жаңа Окэдтар (қызмет түрлері) қосылды, бұл дәнді дақылдар үшін жеңілдік пайызымен несие алуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес отандық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан өнімді кепілді сатып алу тетігі әзірленді ("форвардтық сатып алу" немесе "өнімді сатып алу").

Ол мыналардан тұрады:

  • қаржыландыру АШТӨ-нің барлық санаттарына, әсіресе егіс алаңы 500 га және одан жоғары ұсақ және орта өндірушілерге бағытталған;

  • 365 мың тонна өнім сатып алу қаржыландырылады – бұл жұмсақ бидай, арпа, қарақұмық, майлы дақылдар (күнбағыс, зығыр, рапс). Бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне кіретін өнімдерді өндіруге арналған шикізат;

  • форвардтық сатып алуға қажетті бюджет қаражатының жалпы сомасы 24,5 млрд. теңгені құрайды. Қаржыландыру алдын ала төлем негізінде жүзеге асырылатын болады, мысалы, бидай бойынша алдын ала төлем бір тонна үшін 50 мың теңгеге тең болады, қалған сома күзде қалыптасқан нарықтық бағалар негізінде есептелетін болады;

  • қамтамасыз ету ретінде екінші деңгейдегі банктердің де, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың де кепілдіктері қабылданатын болады. Бұл фермерлердің өтімді кепілдерінің жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді;

  • ауыл шаруашылығы өндірушілерінен форвардты сатып алуға қатысуға өтінімдерді "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" қабылдап, жергілікті атқарушы органдар бекітетін болады.

  • бөлінген қаражат 4 млн.га алаңда (жалпы егіс алаңының 20%) төрт ауыспалы егіс айналымын есепке ала отырып ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.