ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнесті қолдаудың қабылданып жатқан шараларына арналған онлайн-баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға спикерлер ретінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрлері Жаслан Мәдиев пен Мәди Такиев қатысты.

Вице-министр Ж.Мәдиевтің ақпараты бойынша, бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында екі бағдарлама бойынша қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі біріздендірілген, оның шеңберінде кредиттердің құны 6% - дан аспайтын болады. "БЖК 2025" бағдарламасы бойынша ШОБ-тың кез келген субъектісіне бағдарламаға қатысушы болуға және жеңілдікті қаржыландыру алуға мүмкіндік беретін салалық шектеулер алынып тасталды. Бір кәсіпкерге несиелік қолдау көлемі 2,5 млрд. теңгеден 7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

Айналым қаражатын толықтыруды қаржыландыру айтарлықтай кеңейтілді. Бағдарлама шеңберінде айналым қаражатын толықтыру 500 млн.теңгеге дейін (60 млн. теңгеден) ұлғайтылды және жаңартылатын негізде ұсынылатын болады. Бұл ретте, сауда қызметінің субъектілері үшін айналым қаражатын толықтыру 100 млн.теңгеге дейін болады. Кепілдік беру құралы бойынша несие сомасы 1 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды, ол бойынша кепілдік мөлшері 50% - дан аспайды. Бұл ретте 360 млн. теңгеге дейінгі несиелер қарыз сомасының 85% - ына дейін кепілдікпен жабылатын болады.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша жобаларды қаржыландыру үшін несиелендірудің жалпы көлемі 400 млрд. теңгеге 1 трлн. теңгеге дейін ұлғайды. Бұл соманың 700 млрд. теңгесі АӨК-де қайта өңдеуге және өндіріске, 300 млрд. теңге өңдеу өнеркәсібі мен қызметтерге бағытталады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 100 млрд. теңге көлеміндегі қаражат көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыруға бағытталатын болады. АӨК-де өндірісті және қайта өңдеуді несиелендірудің жаңа операторы ЕДБ-мен қатар Аграрлық несие корпорациясы болады. "Қарапайым заттар экономикасы" аясында 5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік мөлшері 30% - ды құрайды. Егер қаржыландыру қажеттілігі 3 млрд. теңгеден аспаса, кепілдік беру қарыз сомасының 50% - ын құрайды.

Екінші деңгейлі банктерден қаржыландыру алу үшін құжаттар пакетін дайындауға "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры бизнес үшін қолдау көрсетеді. Даму филиалдары барлық өңірлерде және ірі қалаларда жұмыс істейді. 1408 телефон нөмірі бойынша бірыңғай колл-қолдау орталығы жұмыс істейді.

Даму тарапынан несиелерді субсидиялау онлайн режимде Электрондық үкімет (E-gov) және Online Damu тұғырнамасы арқылы көрсетіледі. Әр аймақ бойынша менеджерлердің телефон нөмірлері Қордың ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде қолжетімді.

Аталған шаралармен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаржы реттеушілерімен қолдау шаралары қабылданды. Мәселен, Ұлттық банк төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен ШОБ-ты жеңілдікпен несиелендірудің жаңа бағдарламасын іске асыруға кірісті. Бұл мақсатқа 600 млрд. теңге бөлінді. Кредиттер айналым қаражатын толықтыруға 8% ставка бойынша 1 жылға дейін кредит беру мерзімімен берілетін болады.

Қаржы нарығын реттеу мен дамыту жөніндегі агенттік шешім қабылдады, оған сәйкес банктер, микроқаржы ұйымдары және өзге де қаржы институттары кредиттер мен микрокредиттер бойынша міндетті:

  • негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдердің мерзімін өткізіп алу бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемеу;
  • төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде қаржылық жағдайы нашарлаған ШОБ субъектілеріне күнтізбелік 90 күнге дейінгі мерзімге төлемдер бойынша кейінге қалдыру.

Вице-министр М.Такиев атап өткендей, Мемлекет басшысының "экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Жарлығына сәйкес бизнесті қолдау үшін салықтық ынталандырулар қабылданды.: -жыл соңына дейін мүлік салығы бойынша: ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер және спорт объектілері бойынша; қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй және туристік қызмет салаларында жұмыс істейтін салық төлеушілер бойынша босату;

  • салық салудың жалпы белгіленген тәртібінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің жеке табыс салығын төлеуден жыл соңына дейін босату;
  • ірі қара мал мен асыл тұқымды балапандарды қамтитын АӨК биологиялық активтерінің импорты бойынша ҚҚС салудан босату;
  • ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша жер салығын төлеуден босату;
  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін ҚҚС ставкасын 12% - дан 8% - ға дейін төмендету. Бұдан басқа, салықтық әкімшілендіру бөлігінде:
  • ШОБ субъектілері үшін 2020 жылдың 1 маусымына дейін барлық салықтар мен міндетті төлемдерді бюджетке және әлеуметтік жарналарды (ЖТС, әлеуметтік салық, қызметкер үшін әлеуметтік және медициналық сақтандыру, сондай-ақ салық, кеден және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша мерзімін ұзарту;
  • төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде салықтық тексерулерді тоқтата тұру.

М. Тәкиевтің айтуынша, сондай-ақ, ШОБ еңбекақы төлеу қорынан ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейінгі мерзімге барынша зардап шеккен экономика секторлары, сауда нысандары, қоғамдық тамақтану нысандары, қонақ үй бизнесі, көлік және консультациялық қызметтер және ІТ саласы бойынша салық және міндетті төлемдерді (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті медициналық сақтандыру және әлеуметтік аударымдар) төлеуден босату қарастырылған.