ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде елордада ауқымды дезинфекциялық жұмыстарды жүргізу туралы қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев мәлімдеді.

Спикердің ақпараты бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының коронавирсті инфекцияның таралуынан жалпы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 20 наурызынан бастап барлық қалалық нысандарды, адамдар көп жиналатын орындарды, сондай-ақ тұрғын үй кешендері мен массивтерді ауқымды дезинфекциялау жүргізілуде.

Өңдеу күн сайын ҚР Қорғаныс министрлігінің күштерімен, атап айтқанда, министрліктің радиохимиялық және бактериологиялық қорғау әскерімен, қала әкімдігімен және дезинфекциялық жұмыстармен айналысатын компаниялармен жүргізіледі.

Жүргізілген дезинфекциялық іс-шаралар шеңберінде 50-ден астам техника жұмылдырылды, оның ішінде 20 бірлік әскери техника, 200 бірлік роторлық және помпалық бүріккіштер. Өңдеуге шамамен 470 адам-дезинфекторлар, оның ішінде ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері – 231 адам, дезинфекциялаушы компаниялардан – 239 адам қатысады. Күн сайын Қазақстанның бас эпидемиологы әзірлеген 10 бағыт бойынша әскери күштермен дезоөңдеу жүргізіледі.

Күн сайын қаланың барлық базарларының маңындағы аумақтары, медициналық мекемелер, сауда орталықтары, супермаркеттер, барлық блок-бекеттер, мешіттер, кіреберістер мен лифтілер дезинфекциялық ерітінділермен өңделеді.

"Қолданылатын дезинфекциялық құралдар микробқа қарсы, вирусқа қарсы әсерге ие және емдеу-алдын алу мекемелерінде, коммуналдық қызмет объектілерінде, тамақ өнеркәсібі мен қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, сондай-ақ сауда объектілерінде дезинфекциялауға арналған және адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз болып табылады", - деп атап өтті А. Қайсағалиев.

Бүгінгі күні өңделген нысандардың жалпы саны: 1529 үй, 6375 кіреберіс және 1500 балалар, спорт алаңдары. Бұл қолданыстағы тұрғын үй кешендерінің 80%.

Сонымен қатар, әкім орынбасарының айтуынша, Қараөткел, Комсомольский, Шұбар, Заречный, Депгородок және Оңтүстік-Шығыс жеке меншік үйлердің аумағы арнайы дезмашиналармен өңделді. Бұл жұмыстар кесте бойынша жалғасуда.

Пайдаланылған қорғау құралдарын жинау және кәдеге жарату үшін эко бокстар орнатылды. Қалдықтардың осы түрлерін (маскалар, қолғаптар, салфеткалар және антисептиктер) жинауға арналған 80-нен астам арнайы эко бокстарды орнатудың тиімді орындары анықталды. Эко бокстарды орнату карантин кезеңінде жұмыс істейтін супермаркеттерде, гипермаркеттерде және сауда үйлерінде, атап айтқанда:

  • "Астаналық" Базары (Артем);
  • Базар "Әсем»;
  • Рынок "Шапағат»
  • Базар "Әлем»;
  • "Magnum", "Гастроном" гипермаркеттері;
  • "Small", "Астықжан" Супермаркеттері "Рамстор " "Анвар " " КенМарт»;
  • "Хан Шатыр" СОО "Mega Silk way" "Керуен City" "Керуен" "Astana Mall" Еуразия "" Abu Dhabi Plaza "Сарыарқа", "Қазмедиа".