МӘМС жүйесін енгізу кезінде балаларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 192 дәрі-дәрмек айқындалды. 192 атау 18 жасқа дейінгі балаларды амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесіне енгізілді. Оның 157 атауы сатып алынды және жөнелтуге дайын.

Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар алаңында «СҚ-Фармация» ЖШС Басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, МӘМС жүйесін енгізу кезінде тегін дәрі-дәрмектер тізбесін кеңейту туралы ҚР ДСМ-нің бұйрығы қазіргі уақытта ҚР ӘМ-де тіркелуде. Барлығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде МӘМС жүйесіне қатысушы пациенттер 62 ауру бойынша тегін қамтамасыз етілетін болады.

«Сонымен қатар пациенттерді инфекциялық, протозойды, паразиттік аурулар, гельминтоздар, грибокты инфекциялар, ас қорыту, қан, ағзалардың аурулары және иммундық механизмді тартатын жекелеген бұзылулар, жүйке жүйесі, көру, есту және тыныс алу ағзаларының, тері және тері асты клетчаткасы, несеп-жыныс жүйесі, сүйек-бұлшық ет жүйесі және дәнекер тіндердің аурулары, сондай-ақ жүрек-қан тамыры аурулары кезінде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жоспарлануда», - деп атап өтті Б. Шәріп.

Бұл үшін ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілетін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған препараттар тізімі МӘМС жүйесі шеңберінде бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы сатып алынатын 225 атауға кеңейтілетін болады. Олардың 161 атауы ересек пациенттерді емдеуге арналған, 192 атауы – балаларға арналған.

Бірыңғай дистрибьютордың басшысы Берік Шәріптің айтуынша, 157 жаңа атау, оның ішінде анағұрлым жиі қолданылатын қызуды түсіретін және қабынуға қарсы құралдар сияқты дәрі-дәрмектер, сондай-ақ антибиотиктер қазіргі уақытта сатып алынған.

«Препараттар бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына келіп түсті, жөнелтілуге дайын. Бірыңғай дистрибьютор тізімінде енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін тағы да 82 позиция сатып алынады», - деп атап өтті Берік Шәріп.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!