ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың өңірдің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары туралы баспасөз конференциясы өтті.

Өңірде барлық салалар бойынша 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші қалыпты жағдайда. Болжам бойынша жалпы өңірлік өнім 3,8 триллион теңге деңгейінде өтеді.

Облыста денсаулық сақтауды дамытудың кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Үш жыл ішінде 1080 бірлік жаңа медициналық жабдық сатып алынды. Роботохирургия, политравма, ортопедия және офтальмохирургия орталықтары, сондай-ақ Семейдегі жедел медициналық көмек ауруханасы негізінде гибридті операциялық зал ашылды. Дәрігерлерді даярлаудың үш деңгейлі бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Үш жыл ішінде 5511 дәрігер оқытылды, оның ішінде 276-сы әлемнің жетекші клиникаларында біліктілігін арттырды.

Шығыс Қазақстан - "Менің мектебім" жобасы бойынша облыстың 648 мектебі IT-сыныптармен жабдықталған жалғыз өңір. Оқушылар робототехника, 3D-модельдеу және бағдарламалау бойынша тегін білім алады. "Білікті маман" жобасы аясында өңірге қажетті мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында оқуға облыс әкімінің гранттары үшінші жыл қатарынан бөлініп келеді (ағымдағы жылы 400 грант). Нәтижесінде 3 жыл ішінде түлектердің шетелдік жоғары оқу орындарына кетуі 1800-ден 535 адамға дейін, яғни 3 есеге төмендеді. Ағымдағы жылы облыстың 14 колледжіне 32 жаңа модификация кабинеті сатып алынды.

Өңірде аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 33583 бала тегін ыстық тамақпен және мектеп формасымен қамтамасыз етілген. 3,5 мың бала балабақшаларға тегін барады. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 4200 түлек колледждердің және жоғары оқу орындарының гранттарына ие болды. 388 отбасы немесе көп балалы отбасылар санатынан кезекте тұрған, бірінші кезекте ауылдық жерлерде тұратын 23% - ы жеке тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Жалпы, ШҚО-да халықтың барлық жіктері үшін тұрғын үй мәселесін шешу үшін үш жыл ішінде жалпы ауданы 1 млн. м2 165 көп қабатты үй салу жоспарлануда. Ағымдағы жылдың 10 айында 19 үй пайдалануға берілді, аумағы 113,1 мың м2 құрайды.

Жасалған МЖӘ шарттарының саны бойынша облыс Қазақстанда 1-ші орында. ШҚО-да жалпы сомасы 181,2 млрд.теңгеге 221 жоба немесе республика бойынша жобалардың жалпы санының 30,2% - ы іске асырылуда. Жыл басынан бастап 30 МВт күн электр станциясы және құрғақ престеу әдісімен темір бетон бұйымдарын өндіру цехы пайдалануға берілді.

Соңғы 3 жылда Алакөл көлінің жағалауын абаттандыру және инфрақұрылымын дамыту үшін облыстық бюджеттен 6,2 млрд.теңге бөлінді.

Келесі жылдың жарқын оқиғаларының бірі Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы. Облыста 2020 жылы 560 іс-шара жоспарланған, оның 24-і халықаралық деңгейде. Ағымдағы жылдың соңына қарай облыстың мектептері мен колледждері үшін "Абайтану" курсы бойынша авторлық аймақтық бағдарлама мен оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу аяқталады. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап бұл элективті курс мектептердің 5-8 сыныптарында және екі педагогикалық колледжде енгізілетін болады.

Жаңа оқу жылының басынан Өскемен қаласының № 46 жалпы білім беретін орта мектебінің базасында қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған Абай атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия ашылады.

Тамыз айында Семей қаласында абайтанушы, түркітанушы, философтар, тарихшылардың қатысуымен "Абай мұрасы және мәдени диалогы" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылады.