Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Орталық коммуникациялар алаңында БАҚ өкілдерін отырыстың қорытындыларымен таныстырды.

Баспасөз-шараның спикерлері ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бекболат Тілеухан, Жамбыл Ахметбеков, BTSDigital білім беру жобаларының жетекшісі Саясат Нұрбек сөз сөйледі.

Спикерлер өз сөздерінде ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысынан алған әсерлерімен бөлісті. Мемлекет басшысының заң шығарушы және атқарушы органдарға берген тапсырмаларының негізіне алынған бірлескен ұсыныстарды әзірлеу бойынша алдын ала жүргізілген жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, Президенттің қоғам өкілдерімен тікелей диалог құру жөніндегі бастамасы ағымдағы жылдың 12 маусымында өткен ұлықтау рәсімінде азаматтық сектор өкілдері тарапынан оң қабылданды.

Ұлттық кеңестің қызметі әлеуметтік, саяси және экономикалық жаңғырту мәселелері бойынша үш топ негізінде ұйымдастырылған, олардың құрамына бейінді сарапшылар кірді. Осы топтар өзара іс-қимыл жасай отырып және өзара кеңес бере отырып, біздің қоғам дамуының аса маңызды бағыттары бойынша мәселелерді талқылауға шығарады.

Ұлттық Кеңес мүшелерінің пікірінше, Мемлекет басшысы жариялаған реформалар пакеті Қазақстанды ауқымды жаңғырту үшін үлкен маңызға ие. Тынымсыз жұмыс нәтижелері бойынша саяси, партиялық-сайлау, құқықтық салалардағы жаңалықтарға қатысты бірқатар шаралар ұсынылды.

Спикерлер: митингілерді ұйымдастырудың хабардар ету қағидатын енгізуге; жаңа партияларды тіркеуге арналған шегін азайтуға; ұсыну кезінде партиялық тізімдерде әйелдер мен жастарға арналған 30%-дық квотаны көздеуге; "парламенттік оппозиция" институтын заңнамалық бекітуге; ҚР Қылмыстық кодексінің кейбір баптарын ізгілендіруге және декриминализациялауға назар аударды.

Экономикалық өзгерістер шеңберінде Мемлекет басшысы шетелдік жұмыс күшін тарту үшін квотаны 40% - ға қысқартуды, жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және пайдалану кезінде халықтық қатысу қағидаттарын енгізуді, мемлекеттік қаражатты жұмсаудың айқындылық деңгейін арттыруды, Жер ресурстарын пайдалану тиімділігінің космомониторингі технологияларын қолдануды тапсырды.

"Жалпы, қабылданған реформалар пакеті Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті спикерлер.