ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің төрағасының орынбасары Жандарбек БЕКШИННЫҢ қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті.

Қазақстанда жыл сайын жіті респираторлық аурулар мен тұмаудың 1,0 миллионға дейін жағдайлары тіркеледі, яғни эпидмаусымда халықтың 10 және одан жоғары пайызы ЖРВИ және тұмаумен ауырады. ДДҰ деректері бойынша алдағы 2019-2020 жылғы маусымда тұмау вирусының төрт штамы – A (H1N1) - Брисбен, A (H3N2) – Кансас, B – Колорадо, сондай-ақ В - Пхукет өзекті болады.

Ағымдағы жылғы 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы жаппай иммундау кампаниясы басталды. Бүгінгі күні халықтың неғұрлым осал топтары (созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры ауруларымен, иммун тапшылығымен ауыратын балалар, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері және екінші, үшінші триместріндегі жүкті әйелдер) 10% егілді,-деді спикер.

Тұмаудың алдын алудың тиімді әдістерінің вакцинациялау – ол тұмауға қарсы профилактиканың ең тиімді әдісі. Егер сіз уақытында екпе алсаңыз, онда тіпті тұмау вирусын жұқтырған жағдайда да сіз аурудың ауыр өтуінен және одан әрі асқынуынан құтыласыз. Жыл сайын Қазақстан Республикасында тұмауға қарсы халықтың 10%-ы вакцинацияланады. Жалпы алғанда 2019-2020 жылғы эпидмаусымға бюджет қаражатына 1 млрд. 600 млн теңгеден астам сомаға тұмауға қарсы вакцинаның 1,8 млн дозасы сатып алынды.

Ресей Федерациясында өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасы сатып алынды. Вакцина құрамында алдағы маусымның штамдары бар.

Вакцинациялауға қарсы көрсетілімдер: жіті қызба жағдайлары, созылмалы аурулардың өршу кезеңі, тауық ақуызына және анамнезінде басқа да тұмау вакциналарына аллергиялық реакциялардың болуы. Бұдан басқа жыл сайын жұмыс берушілер қаражаты және халықтың жеке қаражаты есебінен жарты миллионнан астам халық вакцинацияланады.

Тұмауға қарсы ақылы вакцинациялау халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бар жекеменшік вакцинациялау орталықтарында, тұрғылықты жері бойынша емханалардың егу кабинеттерінде жүргізіледі. Тұмауға қарсы вакцинациялауды жүргізетін медициналық мекемелердің нақты мекенжайларын аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттерінің және денсаулық сақтау басқармаларының сайттарынан білуге болады.

Тұмауға қарсы вакцинациялаудан басқа тұмаудың және басқа да респираторлық инфекциялардың алдын алудың спецификалық емес тәсілі бар. Бұл – адамдар көп жиналатын жерлерге, әсіресе жабық үй-жайларға (кинотеатрлар, балалар ертеңгіліктері) баруды шектеу, үй-жайларды жиі желдету, иммундық түзетуші препараттарды (анаферон, интерферон, виферон, интерферон индукторы), гомеопатиялық препараттарды, оксолин жақпамайын, Антивир жақпамайын және басқа да вирусқа қарсы жақпамайларды пайдалану, поливитаминдерді, әсіресе лимонда, итмұрында, қара қарақатта, анарда, ашытылған қырыққабатта көп мөлшерде болатын С витаминін қолдану, кешкі асқа қосымша ретінде сарымсақ пен пиязды қолдану, зімбір – иммунитетті нығайтуға және тұмаумен ауыру мүмкіндігін азайтуға көмектеседі, қолды мұқият жуу, науқас адаммен қарым-қатынасты шектеу, өзін-өзі емдеумен айналыспау, себебі тұмау ең алдымен тұмаудан кейінгі елеулі асқынулардың (гайморит, отит, бронхит, трахеит, синусит, пиелонефрит, цистит, миокардит және басқалары) дамуымен, сондай-ақ бұрыннан бар созылмалы аурулардың асқынуымен қауіпті.