Top.Mail.Ru

Шетелдік диаспорамен байланысты дамытуға және Қазақстанға келген репатрианттарды қолдауға бағытталған қабылданып жатқан шаралар туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен халық алдындағы есептік кездесу барысында хабардар етті.

Салалық министрлік басшысының айтуынша, «Отандастар» қорымен бірлесіп бірқатар жобалар жүзеге асырылуда, олардың шеңберінде қазақ диаспорасы өкілдерінің саны көп елдерде (Қытай, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Германия, Түркия және АҚШ) қазақ мәдени-іскерлік үйлері құрылатын болады. Онда Абайдың мәдени орталықтары, «Атамекен» іскерлік үйлері, «Атажұрт» қазақ тілді БАҚ қауымдастығы, «Қазақ елі» жастар клубтарының желісі және шетелдегі басқа да қазақ қоғамдық құрылымдары шоғырландырылады.

Анықтама: 12 елде қазақ тілін үйрену үшін онлайн режимінде 31 қазақ сыныбы ашылды. Бұл 2,5 мыңнан астам баланы ана тілінде оқытумен қамтуға мүмкіндік береді.

А.Балаева атап өткендей, елге оралған этникалық қазақтар үшін биылғы жылдың соңына дейін «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсету процедурасы жеңілдетіледі. Олар үшін қажетті құжаттар саны екі есеге қысқарды, ресімдеу мерзімі 6 айдан 3 айға дейін қысқарды.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, отандастарды әлеуметтік-экономикалық қолдау бойынша шаралар кешені әзірленді, оның ішінде қоныс аударушыларды жаңа ортаға бейімдеу, тұрғын үймен, жұмыспен қамту және т.б. шаралар қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға енгізілетін болады.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!