Нұр-Сұлтан қаласындағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, жедел медициналық жәрдем бригадаларының коронавирустық инфекциямен азаматтардың шақыртуларына шығу санының артуына байланысты Елордада алдын алу мақсатында барлық жоспарлы амбулаториялық-емханаға бару тоқтатылды. Бұл кадрлық ресурстар қосымша жедел медициналық жәрдем бригадаларын ашуға бағытталды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сараптамалық брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, Елорданың барлық амбулаторлық-емханалық мекемелеріне жедел медициналық жәрдем бригадасын құру ұсынылды. Соңғы тәуліктерде жүргізілген жұмыстың арқасында Елордада қосымша ашылған 32 жедел медициналық жәрдем бригадаларының қызметі ұйымдастырылды.

Анықтама: 10 мың тұрғынға арналған нормативтерге сәйкес 1 жедел медициналық жәрдем бригадасы келеді. Пандемия жағдайында 10 мың халыққа ЖМК 3 бригадасына дейін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар берілді.

Осылайша, С. Кисикованың айтуынша, бүгінгі таңда Елордада тұрғындарды шақыруға қызмет көрсету үшін 150 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылған.