Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің кірпіштері мен қаптауыш керамикасының нақсы осы Күлтөбе шеберлерінің қолымен жасалған. Мұнда қыш шеберханаларының аудандары қазылып, зерттелді. Ал қаланың өзі сопылық уағызшылардың мекені болған. Оны XV-XVI ғғ. табылған Яссауи ордені өкілдеріне тиесілі діни-салттық құрылысы да дәлелдеп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақ мәдениет ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Андрей Хазбулатов хабарлады.

Бүгінгі таңда Күлтөбе қалашығында қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, ауқымды археологиялық зерттеулер жүргізілуде: георадарлық сканерлеу, фотограмметрия, дронмен түсіру сияқты қалашықтың аса құнды тарихи объектілері анықталуда. Технологияның әрқайсысы мамандарға осындай бірегей ескерткішті мұқият зерттеу ісіне көмектеседі, бұл қаланың сәулеттік-кеңістіктік ортасы мен тарихи ландшафтын сақтауға ықпал етеді.

«Археологиялық ізденістер мен табылған архитектуралар мен артефактілерді құжаттағаннан кейін ғылыми консервациялау және қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырыладыы. Бұл процесс елдің бай мәдени мұрасын сақтауға мүмкіндік береді. Тарихи объектілерді консервациялау және қалпына келтіру әдістемесі мен Ғылыми тұжырымдама әлемдік ауқымдағы Күлтөбе қалашығы сынды мәдени мұраны сақтау ісінде үлкен тәжірибесі бар, ЮНЕСКО-ның халықаралық мамандарымен кешенді консультациялар негізінде әзірленді», - деп атап өтті ҒЗИ бас директоры.

Сондай-ақ Хазбулатов Түркістанның туристер үшін аса тартымды болатын атап өтті.

«Күлтөбе қалашығының Еуразия халықтары мәдениеттерінің интеграциясы мен өзара әсер ету процестерін зерттеудің негізгі ескерткіші тұрғысында жалғасып жатқан ғылыми зерттеулері Түркістанның түркі әлемінің ежелгі киелі орталығы ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайтып қана қоймайды. Сонымен қатар Жапониядағы Есеногари, АҚШ-тағы Паркина, Блисбрук-Рейнхейм еуропалық археологиялық паркі және т.б. әлемдегі әйгілі археологиялық парктер сияқты көптеген мемлекеттерден туристерді тартатынына сеніміміз зор»,- деді ол.