Ауырған күннің өзінде өте жеңіл өтеді, асқынуға жол бермейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығын Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов журналистердің қойған сұрағына берген жауабында мәлімдеді.

Оның айтуынша, инфекцияны анықтау үшін зертханалық тексерулер тұмауға да, коронавирусқа да қатар жүргізулі керек. Алдын ала екпе жасату арқылы тұмауға қалқан қойып алғанымыз өз денсаулығымыз үшін өте пайдалы.

«Екпені ақылы түрде адамның тұрғылықты жеріне жақын Алғашқы медициналық көмек көрсету орындарында, емханада немесе басқа да медициналық орталықтарда жасатуға болады. Қазақстанда жыл сайын жасалатын екпелер Францияда, Ресейде өндірілген. Жалпы, өз қаражаты есебінен екпе салу, СК-Фармацияның ақпаратынша, 2200-ден 4500 теңге аралығында тұрады. Қазіргі кезде халықтың 10 пайызы екпемен бюджет есебінен қамтылып отыр. Оның өзі ауыру көрсеткіштеріне көп әсер етіп отыр. Болашақта өз есебінен екпе жасататын адамдар саны артса, ұжымдық иммунитет қалыптасады. Бұл тұмаудың арамызда өте аз таралуына жол береді», деді Ж.Бекенов.

Айта кетейік, қазақстанда тәуекел топқа жататын азаматтарға екпе тегін жасалады, осы мақсатта 2 млн-нан астам доза вакцина сатып алынды.