ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметінің" ақпараттық алаңында «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» республикалық тіл форумы аясында баспасөз конференциясы өтті.

Брифингте Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ-ның бас директоры Асқар Әлібек, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ-ның ғалым хатшысы, ф.ғ.к. Анар Фазылжан қатысты.

Тіл форумына қатысушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында көрсетілген мемлекеттік тіл саястын жүзеге асырудың өзекті мәселелері туралы талқылайды.

Форум аясында тіл мамандары қазақ тілінің бүгіні мен ертеңіне қатысты алты алаңда бас қосады. Осы басқосуларда білім мен ғылым, бизнес, заң, БАҚ тілі туралы кеңесіп, өңірлердегі тілдік ахуал төңірегінде де пікір алысады. Латын графикасына көшуді көпшілікке насихаттау бағыты бойынша «Тіл-Қазына» ұлттық орталығының атқарып жатқан жұмыстары көрсетіледі. Бүгінде «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы бірнеше бағытта жұмыстар жүргізіп келеді. Ең алдымен әліпби және оның емле ережелеріне байланысты сауалнама, сынама жұмыстарын жүргізу қолға алынған еді. Мемлекеттік қызметшілерді, түрлі сала мамандарын, қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарын қамти отырып жүргізілген бұл жұмысқа жұртшылықтың бей-жай қарамауы жаңа реформаның маңыздылығын ел тұрғындарының терең түсінгендігін байқатады.

"Нұр-Сұлтан қаласында 72 сағаттық курсқа өңірлер, ұлттық компаниялар, мемлекеттік органдардан тілші-мамандар қатысты. Қазіргі уақытта республика бойынша барлығы 220 тренер-оқытушы дайындық курсынан өтті. Өңірлерде жүргізілген дәрістен 1 117 адам өтіп, сертификаттарға ие болды", - деді Нұрғиса Дәуешов.

Шараға еліміздің барлық өңірінен 250-ден астам өкіл, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары, мемлекеттік орган, ұлттық компания басшылары, зиялы қауым өкілдері және білім, ғылым, бизнес, БАҚ т.б. сала мамандары қатысады.