Атыраулық жастар мен еріктілер бірігіп, су бетіне шығып қалған балықтарды жинау шараларына белсене ат салысып жатыр, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Наурыздан бастап Жайықтың мұзы ери бастады. Осыған байланысты шабақтардың өлекселері жағаға шыға бастады. 7 наурыздан бастап шабақтарды жинау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. 10 наурыз күні сенбілік ұйымдастырылды. 16 наурызда қалалықтар болып сенбілікке қайта шығуды жоспарлап отырмыз», - дейді Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев.

Айта кетсек, Жайық өзенінде балықтардың қырылу фактісі бойынша комиссия құрылып, жағдайды өз көздерімен көріп қайту үшін Атырау облысына барған болатын.

Сонымен қатар, комиссия мүшесі - Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин судың сапасы жағынан қауіпті мәселе жоқ екендігін мәлімдеді.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!