Атырау облысында Қоғамдық Денсаулық сақтау департаменті былтырғы жылдың желтоқсанын айынан бастап күнделікті бақылау жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі

«Ашық су қоймаларынан, Жайық өзенінен 294 сынама зерттелді. Қалаға беріліп жатқан ауызсудың 170 сынамасы зерттелді. Жайық өзенінде адамдардың ағзасына әсерін тигізетін ешқандай заттар анықталған жоқ. Сондай-ақ, қалаға беріліп жатқан ауызсудың сапасы мен оның қауіпсіздігі тексеріліп, ешқандай қауіп анықталған жоқ. Біздің мамандарымыз бұл жағдайды күнделікті бақылауда ұстап отыр», - деді Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, Атырау облысы халқының ауруларын күнделікті тексеріліп, мониторинг жасалуда.

«Ішек ауруларының саны былтыр осы кезеңде 121 жағдай тіркелген еді, биылғы жылы 44 жағдай тіркелді. Сондықтан, көріп отырсыздар, аурулардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда 2 жарым есе төмен. Облыстық денсаулық сақтау комитетінің және қалалық жедел медициналық көмек көрсететін станциясының деректері бойынша, Атырау қаласында балықтың қырылуымен байланысты бір де бір жағдай тіркелген жоқ»,- деп атап өтті Ж. Бекшин.