Top.Mail.Ru

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың қатысуымен браконьерлікпен күресу бойынша атқарылып жатқан шаралар жайлы баспасөз конференциясы өтті.

«2019 жылдың басынан бері орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциялармен табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 4673 фактісін анықталып, 3698 адам әкімшілік және 34 браконьер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 57,165 млн. теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, оның 49,062 млн. теңгесі өндірілді», - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, киіктерге қатысты браконьерлікпен күрес бойынша атқарылып жатқан шараларға қарамастан, оларды ату жағдайлары азаймауда.

«2019 жылдың басынан бері киікті заңсыз атудың 38 оқиғасы тіркеліп, 390 тушасы мен 252 мүйізі тәркіленді.», - деді Ерлан Нысанбаев.

Биылдан бастап «Киік» атты кең ауқымды табиғатты қорғау акциясы басталатынын айтып өтті.

«Шара тұрақты негізде «Охотзоопром» ӨБ күштерімен ұйымдастырылып, құқық қорғау органдарымен бірлесіп киікке шығатын браконьерлік ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау және олардың жолын кесу, дериваттарын сату мен сатып алуға маманданған қасқөйлерді ұстауға бағытталады», -деді ол.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!