Коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрі-дәрмектің қолжетімділігін дереу қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында. Өткен айдың басында ауруханалар мен провизорлық орталықтарда антибиотиктер мен қызуды төмендететін дәрілер тапшылығы орын аллы. Бұған індетті жұқтырғандар санының күрт артуы және мұндай жағдайдың болжанбауы себеп болды. «СК-Фармация» басқармасының төрағасы Ерхат Есқалиевтің айтуынша, жедел әрекет етуге тура келді.

«Ең алдымен, қысқа мерзімді перспективада дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін жедел шешуге көмектесетін шұғыл шаралар кешені әзірленді. Атап айтқанда, КВИ емдеуге арналған 2,6 млрд теңгелік дәрілік заттардың айлық қоры жөнелтілді; 40 мың пациентке есептелген 8,7 млрд теңге сомасына қосымша дәрі сатып алынды. 100 мың пациентке 24 млрд теңге сомасына КВИ-дан емдеу үшін дәрілік заттар бойынша екі айлық резерв қалыптастырылды. Сұранысқа ие дәрі-дәрмектер интервенциясы мәселесі шешілді», - деп қорытты Ерхат Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Дәрі-дәрмектерді жөнелту қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Қойма тәулік бойы жұмыс істейді.