Top.Mail.Ru

Баспасөз орталығының мүмкіндіктері

Баспасөз конференцияларын, брифингтер мен сараптамалық алаңдарды ұйымдастыру және өткізу үшін +7 (7172) 55-93-45 нөмір бойынша хабарласуға болады, осы тіркеу формасын толтырып.


Еліміздің басты ақпараттық алаңы, ОКҚ баспасөз орталығы барлық озық талаптарға сай және баспасөз іс-шараларын өткізуге арналған көпфункционалды платформа болып табылады.

Біздің алаңда Сіз баспасөз іс-шараларын, конференцияларды, дискуссиялық іс-шараларды, брифингтер мен түрлі форматтағы сұхбаттарды өткізе аласыз.

Баспасөз орталығы теледидар сигналдарын қалыптастыру және өңдеу, түрлі көркем әсерлер мен бір бейнеден екінші бейнеге көшу құралдарын қолдана отырып, бірнеше көздерден алынған, құрастырылған бейнелерді қалыптастыру. Сондай-ақ дыбыстық сүйемелдеу сигналдарын қалыптастыру және өңдеу, коммутация және сигналдарды бақылау жөніндегі қолданыстағы жабдықтармен интеграциялау қызметтерін атқаратын "Қазмедиа орталығы" аппараттық-студиялық кешенінің жабдықтарымен интеграциялау және басқару мүмкіндігіне ие.

Залға 100-ге жуық адам сияды. Бұл өз кезегінде халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Баспасөз орталығы бейне және графикалық ақпаратты ойнату арқылы баспасөз іс-шараларын жарықтандыру үшін бірегей LED экранымен жабдықталған

Сурдоаударма функциясы бар 20 абонентке және аудармашының мобильді кабинасы бар аудиоконференция байланысының сымсыз жүйесінің мүмкіндігі елдің 17 өңірімен байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, баспасөз орталығы радиомикрофондық жүйемен жабдықталған. Баспасөз орталығында спикерлер мен іс-шара қонақтарына арналған жеке бөлме, журналистерге арналған жеке зал бар.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!