Жалпы мәлімет

ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ (бұдан әрі ОКҚ) –  мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық саладағы қарым-қатынасын байланыстыратын мемлекеттік инфокоммуникациялық алаң. Мақсаты мемлекеттік билік органдары мен қоғамның өзара іс-қимылының тиімді тетігін құру.

ОКҚ міндеттері:

  • Медиа-жоспарлау және ақпараттық күн тәртібін болжау;
  • Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар үшін медиа-сценарийлер мен медиа-хабарлар әзірлеу;
  • Ағымдағы және дағдарысқа қарсы ақпараттық басқару тетіктерін жедел енгізу;
  • Өңірлік коммуникация қызметтерінің іс-қимылдарын үйлестіру және сүйемелдеу;
  • Дағдарыстық жағдайларда тәжірибелік ұсыныстар мен технологиялық шешімдерді әзірлеу;
  • Көшпелі баспасөз іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
  • Ақпараттық стратегияны дамыту, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық саясат бағыттары бойынша талдау жазбаларын, шолуларды дайындау;
  • Медиалық саясатты үйлестіру және мемлекеттік органдардың бірыңғай ақпараттық желісін құру •

Орталық коммуникациялар қызметі – бұл ашық сараптамалық медиа-алаң. Бізде кез келген маңызды азаматтық бастамалар қолдау табады. ОКҚ спикерлері қатарында тек мемлекеттік органдардың өкілдері ғана емес, сонымен бірге саяси және қоғамдық бірлестіктер, шетелдік елшілер, өнер қайраткерлері, зиялы қауым мен жастар да бар.