Құрметті БАҚ өкілдері!

2019 жылдың 3 сәуірі күні сағат 14:20-да Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Central Asia’s Got Talent» («Орталық Азия таланттарды іздейді») телевизиялық жобасының басталуы туралы баспасөз-конференциясы өтеді. Шоуға жас ерекшелігі мен талантының түріне қарамастан Орталық Азия елдерінің (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан) кез келген өнерлі адам қатыса алады. Байқау жеңімпазы кең танымалдылыққа және қомақты қаржылай сыйлыққа ие болады.

СПИКЕРЛЕР:

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат КЕРТАЕВ. «Central Asia’s Got Talent» шоуының бас продюсері Серік АКИШЕВ. Zoʻr TV телеарнасының продюсері – Тимур АЛИЕВ (Өзбекстан). «Телемедиа» компаниясының Бас директоры Алексей СИДОРОВ (Қырғызстан)

«ТВ Сафина» телеарнасының халықаралық байланыс бөлімінің басшысы Наргис КАСЫМОВА (Тәжікстан). БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 3 сәуір күні сағат 13:00-ге дейін хабарласуға болады.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!