Top.Mail.Ru

Құрметті БАҚ өкілдері!

2020 жылғы 2 сәуір күні сағат 17:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "COVID - 19" коронавирустық инфекциясын таратпауға бағытталған және қабылданып жатқан шаралар туралы айтады, атап айтқанда:

  • көлік бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы (әуе, т / ж, авто көлік);
  • өнеркәсіп жөніндегі шаралар туралы (отандық өндірушілерді қолдау, маскалар өндірісі, антисептиктер өндірісі, ИВЛ аппараттары өндірісі).

СПИКЕРЛЕР:

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ,

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат БАИТОВ.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 12 наурызындағы № 20-ПГВр “Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша шараларын күшейту туралы” қаулысына сәйкес, ОКҚ баспасөз шаралары онлайн форматта өтетінін хабарлаймыз. Тікелей көрсетілім Орталық коммуникациялар қызметінің YouTube https://www.youtube.com/user/ortcomkz және Facebook https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz желісіндегі парақшаларында өткізіледі.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!