Құрметті БАҚ өкілдері!

3 маусым сағат 12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Студенттер үйі 2.0» акциясының таныстырылымына арналған баспасөз-конференциясы өтеді.

Акция жатақханаларда тұратын студенттердің азаматтық белсенділігін арттыруға, өзін-өзі танытуға және дамуға мүмкіндіктер жасауға бағытталған.

Спикерлер: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Шахмардан БАЙМАНОВ

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрайымы Батима МУКИНА

Қазақстан студенттері Альянсының Президенті Ілияс ТҮСТІКБАЕВ «ХАХА-шоу» вайн жобасының жетекшілері Зангар ЗЕКЕНОВ және Ақсұлтан ҚАЛИЕВ

БАҚ өкілдерін аккредитациялау және өзге туындайтын сұрақтар бойынша +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 3 маусым күні сағат 11:00-ге дейін хабарласуға болады.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!