Құрметті БАҚ өкілдері!

26 шілде күні сағат 16:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Жастар кадрлық резерві» республикалық жобасының он жылдығына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Спикерлер:

«Bolashaq» Қауымдастығының атқарушы директоры Лаура ДЕМЕСІНОВА; «Jas Otan» жастар қанатының Төрағасы КӘРІБЕК Дәулет; «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ жоба менеджері ТЛЕНЧИЕВА Шырын; «Nur Otan» партиясының Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары Евгений КОЧЕТОВ; Нұр-Cұлтан қаласы әкімдігінің Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Жапал ДОЛИЕВ; «Самұрық-Қазына»АҚ тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ақсұлу АРЗЫҚҰЛОВА.
«Жастар кадрлық резерві» – бұл қызметінде өсуге ынталы, кәсіби дағдылар мен басқару біліктілігінің жоғары деңгейіне ие мамандардың республикалық деректер базасы. Бұл жоба жастардың өз мүмкіндігін жүзеге асыруына, өмірлік және кәсіби біліктілігін арттыруға, әлеуметтік-экономикалық, саяси тұрғыда өсіп-жетілуіне ықпал етеді.

Баспасөз жиынында спикерлер өздерінің жобаға қатысуы мен кәсіби қызметіне әсері жайында сөз етеді. БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де сұрақтар бойынша +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 26 шілде күні сағат 15:00-ге дейін хабарласуға болады.