Құрметті БАҚ өкілдері!

2019 жылдың 26 ақпанында, 15:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан» РТРК АҚ төрағасы Ерлан Қариннің қатысуымен брифинг өтеді.

Брифингтің тақырыбы: «Қазақстан» телерадиокорпорациясының көктемгі маусымына арналған жаңа жобалардың таныстырылымы және Астанада өтетін Димаш Құдайбергеннің концерті бойынша дайындық жұмыстары жөнінде ақпаратпен бөлісу.

Спикер:

Ерлан Қарин - «Қазақстан» РТРК АҚ төрағасы.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 26 ақпан күні сағат 13:00-ге дейін хабарласуға болады.