Құрметті БАҚ өкілдері!

Қазақстанда ішкі туризмнің әлеуетін ынталандыру мақсатында ақпараттық турлар циклі бастау алды. Ендігі кезекте туроператорлар еліміздің барлық аумағында орналасқан ерекше табиғи орындар мен санаторлы-курорттық нысандарды, әрбір өңірдің қонақжайлылығы мен салт-дәстүрлерін зерттей алады.

Алғашқы ақпараттық турлар еліміздің қай өңірлерінде жоспарланған? Оған отандық туристік агенттіктер қатыса ала ма? Қазақстандықтар тарапынан ішкі туризмге деген қызығушылығы қандай? Туристік өнімдер халық арасында қалай кеңінен таралады?

Осы және өзге де сұрақтарға келесідей спикерлер жауап береді:

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ оқиғалық жобалар мен іс-шаралар департаментінің директоры Гауһар ЖЕҢІСБЕК. Ұлттық туризм индустриясы қауымдастығының басшысы Ая ҚҰСАИНОВА. «Этнотур» компаниясының директорының орынбасары, ақпараттық тур қатысушысы Лариса ШИРОЧЕНКО.

22 мамыр, сағат 12:20-да.

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңы.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылдың 22 мамыры күні сағат 11:00-ге дейін хабарласуға болады.