Top.Mail.Ru

Құрметті БАҚ өкілдері!

30 мамыр күні сағат 12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбы аясында баспасөз-конференциясы өтеді.

СПИКЕРЛЕР:

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Елена ТАРАСЕНКО. ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле АЙТПАЕВА. ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат ҚОЖАЕВ.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан НАДЫРОВ. ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Ержан ЕРСАЙЫНОВ. БАҚ өкілдерін аккредитациялау және өзге туындайтын сұрақтар бойынша +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 30 маусым күні сағат 11:00-ге дейін хабарласуға болады.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!