Құрметті БАҚ өкілдері!

30 сәуір күні сағат 12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «100 күн ішінде 100 смартфон: Қазақстанда «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы басталды» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕРЛЕР:

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Заңғар ШЫНДАЛИ;

Фискалдық деректер операторының өкілі («Қазақтелеком» АҚ корпоративті бизнес бойынша дивизион маркетингі департаментінің директорының міндетін атқарушы) Батийма СУЛЕЙМЕНОВА.

Акцияны өткізудің мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 30 сәуір күні сағат 11:00-ге дейін хабарласуға болады.