Құрметті БАҚ өкілдері!

19 сәуір күні сағат 12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Дала фольклорының антологиясы» жинағының тұсаукесеріне орай баспасөз-конференциясы өтеді.

СПИКЕРЛЕР:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ, «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС бас директоры Құрманбек ЖҰМАҒАЛИ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл ЖОЛАМАНОВ, Ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы Аманжол ӘЛТАЕВ. БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 19 сәуір күні сағат 10:30-ға дейін хабарласуға болады. Қосымша: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен шығарылған «Дала фольклорының антологиясы» жинағы 7 бөлімнен тұрады. Аталған жинаққа ұлтымыздың халық ауыз әдебиеті мен музыкалық фольклорының мол қоры, сан ғасырлық тарихқа толы шығармалары – ертегілер, батырлар жыры, айтыс өнері, шешендік сөздер, жыр-дастандар, күй-термелер және т.б енді.