Құрметті БАҚ өкілдері!

28 тамыз күні сағат 16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Халықтың вакцинопрофилактикасы тиімділігін арттыру бойынша қосымша шаралар» тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕРЛЕР: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің төрағасы Людмила БЮРАБЕКОВА, «Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының балалардың жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, Иммундау жөніндегі консультативтік комиссияның төрағасы, медицина ғылымдарының докторы Динагуль БАЕШЕВА, «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік ШӘРІП.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 28 тамыз күні сағат 15:00-ге дейін хабарласуға болады.